Қазақ күресінен Әлем кубогінде Қазақстан жалпыкомандалық 1-орын алды

Қазақ күресінен Әлем кубогінде Қазақстан жалпыкомандалық 1-орын алды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қара теңіз жағалауында өткен жарысқа әлемнің 20 елінен балуандар қатысты

Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен өткен Әлем кубогі аяқталды. Қазақстадық балуандар барлығы 15 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 – алтын, 1 – күміс, 7- қола жүлде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қара теңіз жағалауында өткен жарысқа әлемнің 20 елінен балуандар қатысты.

«Qazaq kuresi» ассоциациясынан мәлім еткендей, тартысты өткен турнир қорытындысымен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.
Жарысты ұйымдастырушылар – «Qazaq kuresi» ассоциациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Румынияның «Qazaq kuresi» ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі.
Қазақ күресінен Әлем кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

55 келі
І орын – Төлепов Бекжан (Қазақстан)
ІІ орын – Делисебан Владимир (Молдова)
ІІІ орын – Тұтқышев Нариман (Қазақстан)
ІІІ орын – Владусеану Роберт (Румыния)
60 келі
І орын – Нығматуллаев Марат (Қазақстан)
ІІ орын – Ианко Габриэль Мадилин (Румыния)
ІІІ орын – Саад Мухаммед (Пәкістан)
ІІІ орын – Төлегенов Бекжан (Қазақстан)
66 келі
І орын – Мырзанов Нұрболат (Қазақстан)
ІІ орын – Сеардари Григорий (Молдова)
ІІІ орын – Алтынбек Рауан (Қазақстан)
ІІІ орын – Боуриано Эдвард (Румыния)
74 келі
І орын – Мұратбеков Сафуан (Қазақстан)
ІІ орын – Танасе Джордж Александру (Румыния)
ІІІ орын – Анхельке Вадим (Молдова)
ІІІ орын – Челиаджло Николай (Молдова)
82 келі
І орын – Қойшыбаев Еламан (Қазақстан)
ІІ орын – Аяби Абдубассет (Тунис)
ІІІ орын – Оңалбай Жұмадулла (Қазақстан)
ІІІ орын – Будук Йонат-Космин (Румыния)
90 келі
І орын – Ахметжанов Әсет (Қазақстан)
ІІ орын – Плантард Алексис (Франция)
ІІІ орын – Жаңатаев Ерасыл (Қазақстан)
ІІІ орын – Паель Даттилло Степанд (Италия)
100 келі
І орын – Доласем Дьэдонне (Камерун)
ІІ орын – Бөлен Еркінбек (Қазақстан)
ІІІ орын – Айтбек Айбол (Қазақстан)
ІІІ орын – Крохмалов Роман (Украина)
+100 келі
І орын – Исағабылов Мақсат (Қазақстан)
ІІ орын – Джемаладлин Билал (Кипр)
ІІІ орын – Сейтен Айбат (Қазақстан)
ІІІ орын – Сиддикю Абу (Пәкістан)