Тәуелсіздік күні Алматыда «Медеу» визит-орталығы ашылды

Тәуелсіздік күні Алматыда «Медеу» визит-орталығы ашылды Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрақты экотуризмді дамыту шаралары аясында құрылған жаңа туристік нысанмен танысты


Жеке инвестор жүзеге асырған жоба – қоғамдық тамақтандыру пункті, туристік құрал-жабдықтар дүкені және қоғамдық ваннасы бар туристік ақпараттық орталық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Визит-орталықта «Іле-Алатау» ұлттық паркі туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады, ол үшін мұнда Visit Almaty инфостойкасы орнатылған, консультанттар жұмыс істейді. Мұнда туристік бағыттар, соқпақтар туралы деректер, ұлттық парк аумағындағы объектілердің байланыстары және қауіпсіз және жайлы туризм үшін қажетті жабдықтар ұсынылады.




«Біз Тәуелсіздік күні сияқты тамаша мерекеде визит-орталықты ашуға қуаныштымыз. Бөгетке барар жолда біз демалушылар үшін 15 орындық орнаттық. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыратын боламыз», - деді «Тау Жол Шымбұлақ» ЖШС басшысы Сергей Спицын.



«Медеу» БСК визит-орталығы жалпы алаңы 208 ш.м аумақта орналасқан, инвестиция көлемі – 100 млн теңге, 50 жұмыс орны құрылған.


Тауларда қауіпсіз және жайлы болуды қамтамасыз ету мақсатында Тұйық-су шатқалында тікұшақ алаңының құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, спутниктік байланысы және SOS дабыл түймелері бар таулы маршруттардың шалғай тораптық учаскелерінде 15 тау құтқару саятшалары орнатылды.


2 арнайы бақылау-құтқару пункті дайындалды, олар таулы жерлерде орналасқан, мұнда 16 құтқарушы тәулік бойы кезекшілік жасайды. Кимасар шатқалында дабыл түймелерін бақылау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.


Бүгінде таулы жерлерде 1000 шақырымнан астам жаяу жүру маршруттары цифрландырылды, олардың 500 шақырымы абаттандырылды. Олардың барлығы 2GIS және ViewRanger платформаларында қолжетімді. Бұл маршруттарда QR-кодтары бар стендтерді қоса алғанда, барлық қажетті ақпараттық деректер орнатылған, онда туристер маршруттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады.



Бұдан басқа, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 179 км болатын тау маршруттарын абаттандыруды аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Горельник, Просвещенец, Қызылсай, Казачка және «Лунная» алаңқайында 6 кемпинг-аймақ құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22