Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел палуандары тағы 7 «алтын» жеңіп алды

Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел палуандары тағы 7 «алтын» жеңіп алды
Сурет: Inform.kz

Cпортшылар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының үшінші күні ел палуандары 7 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Qazaq kuresi» қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайыстың үшінші күні 17 және 20 жас аралығындағы спортшылар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. 17 жастағылар арасында Ақылбек Аманұлы (50 кг), Әли Әлімби (60 кг) және Сардар Әбдісәметұлы (+82 кг) чемпион атанды. Ал Олжас Жоспар (70 кг) «күміс» алса, Қыдырмолда Қуан (50 кг), Рузимин Тұғышев (60 кг) пен Темірхан Дәрусейітхандар (82 кг) үздік үштікті түйіндеді.

20 жастағы палуандар арасында Руслан Теміржан (60 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Бибарыс Нұғыман (84 кг), Ерасыл Амангелді (+100 кг) алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Шоқан Нұрмаханбетов (100 кг.) екінші орынға табан тіреді. Осы жас деңгейінде боз кілемде белдескен қазақстандықтар Алтынбек Қалмақбаев (60 кг), Ералхан Балтабай (72 кг), Мейіржан Беріков (100 кг) және Мейіржан Әбдімәліков (+100 кг) үшінші орыннан көрінді.