Қазақ қыздары өзбекстандық гандболшылардан басым түсті

Қазақ қыздары өзбекстандық гандболшылардан басым түсті
Сурет: https://prosports.kz/

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші кездесуінде Өзбекстаннан басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстандық гандболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.

Екінші кездесуінде ел құрамасы Өзбекстанды 37:33 есебімен тізе бүктірді.

Еске салса, алғашқы ойынында олар Таиландтан 44:20 есебімен басым түскен еді.

Енді қазақстандық гандболшылар 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.