«Қайрат» пен «Ордабасы» тең түсті

«Қайрат» пен «Ордабасы» тең түсті
Сурет: Ашық дереккөз

Жоао Паоло 78-минутта қорытынды есепті белгіледі

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Қайрат» пен «Ордабасы» тең түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Екінші ойын күніндегі тағы бір негізгі кездесу «Қайрат» (Алматы) мен «Ордабасы» (Шымкент) арасында өтті.

Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан гол соғуға тырысты. Нәтижесінде алматылық клуб шабуылшысы Жоао Паоло 36-минутта мергендік танытты.

Ал «Ордабасы» сапынан Ғафуржан Сүйімбаев 53, Асхат Тағыберген 68-минутта екі гол соғып кетті.

Ал Жоао Паоло 78-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.