Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады
Сурет: 24.kz

Басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

«Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», - делінген ұсынылған хабарламада.