Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру
almaty-akshamy.kz

Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - тарихы терең төл мерекеміз. Әз-Наурыз табиғатты түлетіп, тіршілікке нәр беріп, жаңару мен жаңғыруға үндейді», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті күні кеше ғана халыққа Жолдауын жариялап, «Жаңа Қазақстанды» құруға жол ашатын маңызды бастамалар ұсынғанын атап өтті.

«Мұның бәрі елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы. Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру, сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Ең бастысы, қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.