Қарашаның басында Kaspi Жұма болады

Қарашаның басында  Kaspi Жұма болады
Сурет: Kaspi.kz

Kaspi Жұма – қазақстандық шағын және орта бизнес компаниялары үшін маңызды мереке.

Тауарды үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

3, 4 және 5 қарашада Kaspi Жұма өтеді. Күзгі Kaspi Жұмаға Adidas, EuroMebel, Intertop, Invictus Fitnes, Lucente, KIMEX, Кама-Орталық, Қазақювелир, Мечта, Mon Amie, Marwin, Nike, Pandora, RESPECT, Sulpak, Technodom, 12 МЕСЯЦЕВ, Zeta сияқты танымал брендтер және басқа да көптеген дүкен қатысады.

Қысқы шиналар, жылы киім, үйге арналған климаттық техника, қысқы спортқа арналған тауарлар мен басқа да заттарды еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады, - деп хабарлады банк.

Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі кезінде кәсіпкерлердің сату көлемі бірнеше есеге артады, ол еліміздегі кәсіпкерлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына көмектеседі.