Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды
сурет: 24.kz

Төтенше жағдай режимі жұмыс істеп тұр

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты елден шыға алмай қалған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. ӨР ІІМ Telegram каналында жарияланғандай, Ведомствоның мәліметінше, қазақстандықтар мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: +9989 61 2248206, +998993858644. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Келесі мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А. Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимі 3 шілде басталды, 2 тамызға дейін жалғасады. Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты 80-ге жуық қазақстандық бірнеше күн бойы Өзбекстаннан шыға алмай жатыр.