Елбасы қалыпты өмірге оралу үшін тек вакцина алу қажеттігін айтты

Елбасы қалыпты өмірге оралу үшін тек вакцина алу  қажеттігін айтты
Сурет: Liter.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев "Спутник-V" вакцинасын алды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ның Елбасының сайтында жариялаған хабарына сілтеме жасай отырып.

Вакцина алған соң Н.Назарбаев қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және белсенді түрде екпе жасатуға шақырды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакциналанды. Барлық қазақстандықтарды вакциналауды белсенді жалғастыруға және одан қорықпауға шақырамын. Вирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты вакцинаны қазір алу өте маңызды. Мұны өз денсаулығыңыз үшін жасауыңыз керек. Біз қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біз осының бәрін бірге бастан өткеруіміз керек. Баршаңызға денсаулық пен игілік тілеймін», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.