Қарағандыдағы зауыттан өрт шықты

Қарағандыдағы зауыттан өрт шықты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Зардап шеккендер жоқ. Өрт 08.22-де толығымен өшірілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сағат 06:32-де Қарағанды ​​қаласының Ә.Бөкейханов ауданында «Пархоменко атындағы Қарағанды ​​машина жасау зауыты» ЖШС аумағында цех шатырының ағаш жабыны өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері күшейтілген деңгейде жұмыс істеуде, оқиға орнына 58 өрт сөндіруші мен 16 бірлік техника келді.

Сағат 07:52-де өрт алдын ала 400 шаршы метр аумаққа оқшауланды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.