Чилидегі ең көне басылымдардың бірінде Димаш туралы мақала шықты

Чилидегі ең көне басылымдардың бірінде Димаш туралы мақала шықты
Сурет: Dimashnews.com

Шетелдік басылымда қазақстандық әнші туралы жазылды

2022 жылғы 26 наурызда Чилидің ең беделді El Mercurio газеттерінің бірінде Димаш Құдайберген туралы жарияланым шықты. Материалда әншінің вокалдық диапазоны және оның музыка әлеміне әсері туралы айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Меркурий газеті (El Mercurio) – Чилидегі ең беделді және көне газеттердің бірі. Басылымның алғашқы нөмірі 1827 жылы 12 қыркүйекте Вальпараисо қаласында жарық көрді. Кейінірек, 1900 жылы 1 маусымда, газет Сантьягода да шыға бастады.

Қазіргі уақытта «Меркурий» күнделікті испан тілінде шығарылады және Сантьяго қаласында ең көп сатылымға ие. Газет «El Mercurio» акционерлік жаңалықтар компаниясына тиесілі, ол бүкіл ел бойынша 19 аймақтық күнделікті басылымдар мен 32 радиостанциялар желісін басқарады.

26 наурызда «Меркурийде” “Димаш Құдайберген - өзінің кең вокалдық диапазонымен таң қалдыратын әнші» деген тақырыппен үлкен материал жарияланды.

Басылымда оқырманға қазақстандық орындаушының шығармашылық жолы, оның таңғажайып вокалдық қабілеттері мен пандемиядан кейін басталған концерттік тур туралы айтылады.

«Димаш шығармашылығының Оңтүстік Америкада таралуы өз жемісін беретініне біз өте қуаныштымыз! Біз әрқашан Dimash Latin Dears фан-клубының атынан көптеген іс-шаралар өткіземіз. 2023 жылы Чилиде «Винья-дель-Мар» әнінің ең үлкен фестивалі өтеді. Твиттердегі парақшасында іс-шараны ұйымдастырушылар көрермендердің фестиваль сахнасында кімді көргісі келетінін сұрайды. Әрине, біздің ең үлкен арманымыз – онда Димашты көру!» - деп бөлісті Dimash Latin Dears фан-клубының әкімшілері.