Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды

Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді.

Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

«19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті, 17 адам ұсталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар күдіктілерді ұстау кезінде олардың бірі оқиға орнынан қашып бара жатқанда қызметтік көлікті соғып кеткен.

«Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді. Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.