Қар көшкіні жүруі мүмкін

Қар көшкіні жүруі мүмкін
Сурет: gov.kz

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді! 

Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 08-11 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.