Қар аралас жаңбыр жауады

Қар аралас жаңбыр жауады
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнге – 2023 жылғы 23-25 ​​желтоқсан аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

"Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалы мол атлантикалық циклон жырасы жақындап келеді, ол алдымен республиканың батыс облыстарын, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігін жауып, қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын әкеледі, көктайғақ болалы, солтүстік өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.