Қапшағайға 1 млн-нан астам шабақ жіберілді

Қапшағайға 1 млн-нан астам шабақ жіберілді
Сурет: Gov.kz

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарына жыл басынан бері тұқы балығының 1 млн 300 мың шабағы жіберілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалпы бұндай іс-шара бағалы балық түрлерінің популяциясын ұлғайту үшін жасалады.

Сондай ақ балық өсіретін шаруашылықтар жыл соңына дейін су қоймасын тағы да балықтандыруды жоспарлап отыр. Ол кезде 2 млн-ға жуық шабақ жіберілмек. Жалпы Қапшағайда балықтың 32 түрі бар.

«Аталған жұмыстар Қапшағай су қоймасындағы балықтың молаюына әкеледі. Ағымдағы жылы барлығы Балқаш-Алакөл басейні бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 1 млн 200 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді», - дейді  Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашев.