Қанжығада 3 күміс, 1 қола

Қанжығада 3 күміс, 1 қола
Сурет: Egemen.kz

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде. 

Қазақстандық балуандар бұл додада  3 күміс, 1 қола медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың төртінші күнінде грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар сынға түсті. Олардың арасынан қазақстандық үш балуан финалда күш сынасса, біреуі қола жүлдені сарапқа салды.

​Финалға шыққан Айбек Айтбеков (55 келі), Юсуф Ашрафов (60 келі) және Нұрасыл Аманалы (87 келі) қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ал​ 130 келідегі Жохар Узаров қола үшін болған таласта Палестина балуанын ұтты.

Енді 16 шілдеде U20 грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 келіде жүлделер сарапқа салынады.