Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Cурет: Ашық дереккөз

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі осыған дейін бірнеше рет ұзартылған болатын

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шұғыл-тергеу тобы К.К.Мәсімов, А.Т.Садықұлов, Д.Е.Ерғожин және өзге де тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. 2022 жылдың 31 мамырында Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін, Ерғожинді 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзартылды», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі осыған дейін бірнеше рет ұзартылған болатын. Бұған дейін сот санкцияны 2022 жылдың 6 маусымына дейін берген еді.

Еске салайық, биылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылып, 8 қаңтарда К.Мәсімов және өзге де тұлғалар ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Олардың үстінен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.