Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
Сурет: Ашық дереккөз

Билікті басып алуға әрекет етті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәсімовпен бірге оның үш орынбасары да мемлекетке сатқындық жасап, лауазымын асыра пайдаланды және билікті басып алуға әрекет етті деген баптар бойынша сотталып отыр. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімовті Қылмыстық кодекстік 175 бабы 1 тармағы, 179 бабы 3 тармағы, 362 бабы 4 тармағының 3 тармақшасына сай бүкіл мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырды. 

Орынбасарлары Д.Ерғожин 15 жылға, А.Садықұлов 16 жылға, М.Осыпов 3 жылға сотталды.