Көрнекті есімдер жадымызда сақталуы тиіс - Алма Әбілқасымова

Көрнекті есімдер жадымызда сақталуы тиіс - Алма Әбілқасымова
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Академик «Достық» метро стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беруді қолдайды.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Алма Әбілқасымова Қазақстанның көрнекті ұлдары мен қыздарының есімдері біздің жадымызда мәңгі сақталуы тиіс және олардың үлгісі бойынша өз елінің тарихын есте сақтауға және білуге тиіс жастарды тәрбиелеуіміз керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазіргі уақытта Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан Алматыдағы 12-метро станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Қаламыздағы бірқатар бекеттерге жақын маңдағы көшелердің атаулары берілгені белгілі. Мысалы, «Райымбек батыр» бекеті – Райымбек көшесінде, «Абай» бекеті – Абай даңғылында, «Жібек жолы» бекеті – Жібек жолы көшесінде орналасқан. Сондықтан Ұлы Отан соғысы майданында даңққа бөленген, Мәскеуді фашист басқыншыларынан қорғаған Халық қаһарманы, қазақ халқының көрнекті ұлы, командир атанған жалғыз қазақтың есімін беру өте дұрыс болар еді. Бауыржан Момышұлы 1993 жылы «Халық қаһарманы» жоғары атағына ие болған алғашқы майдангерлердің бірі. Сондай-ақ, ол – керемет жазушы», - дейді А.Әбілқасымова.

Ғалым сонымен қатар Бауыржан Момышұлының «Артымызда Мәскеу», «Генерал Панфилов», «Батылдық: әңгімелер» және тағы басқа романдарын үлкен қызығушылықпен оқитынын жеткізді.

«Қала әкімінің бұл ұсынысын алматылықтар қолдайды деп ойлаймын. Қазақстанның көрнекті ұлдары мен қыздарының есімдері біздің жадымызда мәңгі сақталуы тиіс және біз олардың үлгісі бойынша өз елінің тарихын есте сақтауға және білуге тиіс  жастарды тәрбиелеуіміз керек», - деді ол.