«Junior Eurovision 2022» байқауында Давид Чарлин Қазақстан намысын қорғайды

«Junior Eurovision 2022» байқауында Давид Чарлин Қазақстан намысын қорғайды
Сурет: Ortcom.kz

Сайыстың гранд-финалы 11 желтоқсанға жоспарланып отыр. 

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Данияр Меңілбеков «Junior Eurovision 2022» байқауына дайындық барысы қалай екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

2022 жылды Мемлекет басшысы Балалар жылы деп жариялағанын білесіздер. Бұл іс-шара өскелең ұрпаққа өнерді дәріптеп, шығармашылығы мен өнеріне қолдау білдіру. Осыған қарап Балалар жылының мақсаты мен міндеттерімен үндесетінін көреміз. 

«Биыл өнер додасына 16 елдің жас өнерпазы қатысқалы отыр. Олар Албания, Армения, Франция, Грузия, Ирландия, Италия, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Сербия, Испания, Ұлыбритания және Қазақстанның жас дарынды өнерпаздары бақ сынамақ. Отандастарымыз жүз миллиондап қаралатын өнер алаңында өз өнерін паш етеді. Бақ сынасып, мықтыны анықтайды», - деді Данияр Меңілбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, «Junior Eurovision 2022» байқауы осы жылы Армения астанасы Ереванда желтоқсан айында өтеді.