Алматыда қос азаматтығы бар ресейлік ерлі-зайыпты елден шығарылды

Алматыда қос азаматтығы бар ресейлік ерлі-зайыпты елден шығарылды
Сурет: Polisia.kz

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін елден шығарылды.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғандары үшін Ресей Федерациясының 69 және 71 жастағы азаматтарын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ерлі-зайыптыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік материалдар толтырылды.

 «Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды», – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден тыс шығарылды.