Израильдік футболшы «Қайрат» клубында ойнайтын болды

Израильдік футболшы «Қайрат» клубында ойнайтын болды
Сурет: Ашық дереккөз

Ол Израильдің екі дүркін чемпионы, ел кубогы және Суперекубогының иегері

Футболдан Израиль құрама командасының қорғаушысы Офри Арад жыл соңына дейін «Қайрат» футбол клубында ойнайтын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израиль құрамасының қорғаушысы Офри Арад биыл жыл соңына дейін жалға алу құқығымен «Қайрат» футбол клубында ойнайтын болды.

«Офри Арад – жасы 24-те, орталық қорғаушы, Израильдің екі дүркін чемпионы, ел кубогы және Суперекубогының иегері. Еурододалардың тәжірибесіне ие. 2021-2022 жылдардағы маусымда Арад нидерландтық «Фейенфорд», германиялық «Унион», чехиялық «Славияға» қарсы ойнап, өз командасын УЕФА конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығаруға көмектесті», - делінеді «Қайрат» ФК хабарламасында.

Айта кетейік, 2020 жылы Офри Арад Израиль құрамасында дебют жасап, бүгінгі күнге дейін құрама сапында 8 матч өткізген.