Италия заңсыз мигранттар мінген екі кемені қабылдады

Италия заңсыз мигранттар мінген екі кемені қабылдады
Сурет: Turkestan.kz

Италия билігі бортында 500 заңсыз босқын бар үкіметтік емес ұйымның екі кемесін қабылдауға келісті. Алайда олардың бірі Салерноға, екіншісі Бариге барады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бортында 30 босқын бар шағын кемеге Лампедуза портына кіруге рұқсат етілген еді.

Қазан айының соңында Италия Ocean Viking кемесіне Сицилияға тоқтауға тыйым салған еді. Нәтижесінде кеме Францияға баруға рұқсат алып, бұл Париж бен Рим арасындағы қатынастың сууына әкелді.