IT мамандықтарына оқуға түсетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнін тапсырады

IT мамандықтарына оқуға түсетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнін тапсырады
Сурет: Bilim.akipress.org

Бұл өзгеріс келесі жылдан бастап енгізіледі

ҚР БҒМ хабарлауынша, IT мамандықтарын игеруге ниеттенген талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнін тапсыратын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Білім және ғылым министрлігінде атап өтілгендей, IT-бағыттары бойынша ЖОО-да оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түсуде.

«Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да математика мен физиканың орнына математика мен информатика комбинациясын тапсырады деп шешім қабылдады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Биылғы оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте талапкерлердің таңдауы бойынша наурыз айында өтетін ҰБТ кезінде дайындықтың осы бағыттарына түсу үшін «Математика+Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.