Grand Slam турнирі: қоржынға екі қола түсті

Grand Slam турнирі: қоржынға  екі қола түсті
Cурет: Olympic.kz

Екі қола жүлде де 73 келі салмақтағы спортшылар еншісінде.

Астанада өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің екінші күнінде дзюдодан Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshay.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Данияр Шамшаев жерлесі Жансай Смағұловтан мықты болып шықты. Ал Асқар Нарқұлов Георгий Терашвилиді (Грузия) жеңді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бірінші күні Мағжан Шамшадин - алтын, Ғұсман Қырғызбаев - күміс медаль жеңіп алған еді.