100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін рахмет!

100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін рахмет!
Сурет: Aшық дереккөз

Әнші Димаш Құдайберген  Instagram-дағы парақшасында осындай жазба қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Онда ол атасымен түскен суреттерінде жариялаған.

«Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін… Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…,»- деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақал - Құдайберген ата бақилық болған еді. 
Димаш Құдайберген кішкене күнінен  ата-әжесінің қолында өсіп, тәрбиесін алған , сол себепті атасын «Әке» деп атайды.