Головкиннің танымал рейтингтегі орны бір сатыға төмендеді

Головкиннің танымал рейтингтегі орны бір сатыға төмендеді
Сурет: Paryz.kz

 vRINGe.com сайты екінші орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Ол тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа рейтингте GGG бір орын жоғалтып, бесінші орынға жылжыды. Төртінші орынға британдық боксшы Джон Райдер көтерілді.

vRINGe.com толық рейтингі мынадай:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Калеб Плант (АҚШ);

3. Дэвид Бенавидес (АҚШ);

4. Джон Райдер (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Давид Моррель (Куба);

7. Лерроун Ричардс (Ұлыбритания); 8. Карлос Гонгора (Эквадор); 9. Кристиан Мбилли (Франция);

10. Павел Силягин (Ресей).