Гарвардтық студенттер Қазақстанда тағылымдамадан өтеді

Гарвардтық студенттер Қазақстанда тағылымдамадан өтеді
Сурет: Elorda.info

Әлемдегі белді жоғары оқу орындарының бірі - АҚШ-тағы Гарвард университетiнің студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтеді.

Бұл жайлы Ғылым және жоғары білім министрінің оқу орының өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өзара тәжірибе алмасу ынтымақтастықтың бастамасы болмақ. Сонымен қатар, тараптар жоғары оқу орындарының өзара бірлескен жобаларын талқылады. Бұдан кейін Саясат Нұрбек IT-де оқитын қазақстандық студенттермен кездесті. Министр студенттерге жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді. Жас зерттеушілер мен ғалымдарды қолдау бойынша мемлекет қолға алып отырған шараларды ерекше атап өтті.

«Көптеген инсайдтар алдық. Кәдімгідей Жаңа Қазақстанның иісі сезіліп тұр. Өте күрделі мәселелер қозғалды. Құдай қаласа, жастарымыз білім алып болған соң, елге қайта салмай, осында ТОП-500 компанияларда тәжірибе жинап барып, елге оралатын болды», - деді Бостон университетінің студенті Нұрсұлтан Жансейітов.