Ғалымдардың өнертабыстарының 90%-дан астамы отандық шикізаттан өндірілетін болады

Ғалымдардың өнертабыстарының 90%-дан астамы отандық шикізаттан өндірілетін болады
Сурет: Gov.kz

Kaztraffic-2023 көрмесінде Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары шетелдік әріптестеріне топырақ тұрақтандырғышы, бетонға арналған сіңдіру қоспасы және битум модификаторы сияқты отандық әзірлемелерді ұсынды.

Бұл материалдар қатал климаттың жол сапасына әсерін ескере отырып жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, ҚазжолҒЗИ зертханасында әзірленген топырақ тұрақтандырғышы мұнай және газ өнеркәсібінің тас жол бойындағы өткелдерін салу үшін де қолданылатын жер төсемінің топырағын нығайту технологиясы болып табылады. Сондай-ақ отандық материалдың құрамында бетонға арналған сіңдіру қоспасы бар. Ол автожолдардың цемент-бетон жабындарына тиімді күтім жасауды қамтамасыз етеді. Қоспаның құрамы бетонның суды сіңіруін азайтады және оның аязға төзімділігін арттырады. 

Қазақстандық ғалымдардың тағы жаңашылдығы – бұл битум модификаторы. Аталған материал тасымалдауға және пайдалану орнында битум массасына тікелей енгізу барысында ыңғайлы. Бұл жағдайда модификатор арзан компоненттер негізінде жасалады.

Көрмеге келген шетелдік жол сарапшылары мен ықтимал инвесторлар қазақстандық ғалымдардың жетістіктерімен танысты. Әсіресе көрме қонақтарын автожолдардың деформациясына елеулі әсер ететін Қазақстанның қатал климатына отандық әзірлемелердің тұрақтылығы қызықтырды. Олардың айтуынша, институт жасаған материалдар көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағдар алған елдерде пайдалы және қолдануға ыңғайлы болуы мүмкін.