Елімізде неге пияз бағасы қымбаттады?

Елімізде неге пияз бағасы қымбаттады?
Сурет: Kazgazeta.kz

Министрдің айтуынша, пияз 400 теңгеден сатылып жатыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баспасөз мәслихатында пияз бағасы неге өсіп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бұл дүрлігуге байланысты болды», деді Ербол Қарашөкеев.

Ол өткен жылы 1,5 миллион тонна пияз жиналса, оның 1,1 миллионы тек Жамбыл облысында жиналғанын нақтылады.

«Бірақ көршілерімізде қолайсыз жағдай болғанына байланысты - мысалы, Өзбекстанда қатты аяз болды: пиязға сұраныс күрт өсіп, оны шығара бастады. Бір апта бұрын біз пиязды экспорттауға тыйым салдық, пияз бағасына қатысты жағдай тұрақтанады», деді Ербол Қарашөкеев.

Бұл ретте ол Жамбыл облысында 100 мың тоннаға жуық пияз бар екенін айтты. Бұл көлем, оның айтуынша, келесі жиым-терімге дейін ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді.