Соңғы сәтте сан соғып қалдық

Соңғы сәтте сан соғып қалдық
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстан-Португалия матчында ұлттық құрама финалға сәл-ақ жетпей қалды

Литваның Каунас қаласында өткен футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы жоғары дәрежедегі ойын көрсетті. Аталған матч аяқдопшылар мен жанкүйерлердің түрлі эмоцияны бастан кешірген тартысты сәттеріне толы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тартысты өткен кездесу ойын басынан-ақ шиеленіскен сәттерге толы болды. Ойынның небәрі үшінші минутында отандық футболшымыз Біржан Оразов есеп ашқан. Алайда төрешілер оның бұл голын VAR-ды қарау нәтижесінде есепке алмады.

Алма-кезек шабуылдарға иек артқан командалар бірінші таймды тең есеппен  аяқтады. Ойындағы бірінші голды 23-минутта португалиялық Пани соқты. Есепті теңестіруге ұмтылған біздің ойыншылар қарсыластар қақпасын жиі мазалады. Жігері жасымаған ойыншыларымыз ақырында ойын аяқталуға санаулы секундтар қалғанда есепті теңестіріп, кездесу тағдырын қосымша таймдарда шешу мүмкіндігін алды. Гол авторы -  Нұрғожин.

Экстра-тайм басталғанына көп өтпей, біздің ойыншымыз Дуглас айып добын бірден қақпаға бағыттап, есепті алға шығарды. Жеңіліп жатқан Португалия құрамасы да барын сала отырып, кездесу аяғында Бруну Коэльюдің көмегімен есепті теңестіре алды. Ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Пенальтиде Дуглас и Арнольд Кнауб мүлт кетіп, Қазақстан жеңіліс тапты. Ойын есебі 4:3-пен аяқталды

Енді жексенбі күні ел құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Бразилиямен кездеседі.