Ұстаз орны қашанда төр

Ұстаз орны қашанда төр
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жазасын өтеушілерді оқытып, тәрбиелеп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Салтанатты мерекелік іс-шараны мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мирас Толубаев құттықтау сөзімен ашып, мұғалімнің қоғамдағы орны туралы тарқатып, соның ішінде аяғын жаза басып, істі болған жазалы жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелеп келе жатқан әріптестерінің еңбегін айрықша атап өтті. 
Мекемеде 11 ұстаз қызмет атқарады. Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Людмила Васильевна қазіргі уақытта 30 оқушы мектепте оқып жатқанын, оларға білім беретін ұстаздардың  білім саласында ұзақ жылдардан бері келе жатқан тәжірбиелі мұғалімдер екенін атап өтті.
Мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Нұржанова ұстаздар ұжымын мекеме бастығының атынан құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.