Футболдан Қазақстан-2024 кубогының жеребесі тартылды

Футболдан Қазақстан-2024 кубогының жеребесі тартылды
Сурет: Astanatv.kz

Астанада Қазақстан кубогының биылғы маусымының жеребесі тартылды.

Оның қорытындысы бойынша ҚПЛ клубтарының қатысуындағы алдын ала іріктеу ойындарының топтық кезеңдері анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Алдын ала іріктеу ойындарының топтық кезеңі анықталды. Жалпы турнирде 32 клуб қатысады. Алдын-ала іріктеу кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы 6 топқа бөлініп, өзара бір ойыннан өткізеді", деп хабарлайды QFL баспасөз қызметі.

Топтың 6 жеңімпазы көрші топта 1-орын алған командамен ( А-В, С-Д, Е-F) бір ойын арқылы жолдама иегерлерін анықтайды.

11-19 наурыз. Бірінші кезеңнің топтық раунды

21-23 наурыз. Бірінші кезеңнің плей-офф ойындары

Барлық ойындар Шымкент қаласындағы БИИК спорт кешенінде өтеді.