Евровидение-2023 Ұлыбританияда өтетін болды

Евровидение-2023 Ұлыбританияда өтетін болды
сурет: Instagram/eurovision

Украина 2022 жылғы Евровидение ән байқауында жеңіске жеткен еді

Еуропалық хабар тарату одағы Евровидение-2023 байқауының өтетін орнын ресми түрде жариялады. Музыкалық байқау Ұлыбританияда өтеді. Жақында «Евровидение» өтетін қала белгілі болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз Евровидение-2023 ән байқауы Ұлыбританияда өтетінін қуана растаймыз», – деп хабарлады Еуропалық хабар тарату одағы.

Еске салайық, Украина 2022 жылғы Евровидение ән байқауында жеңіске жеткен еді. Бірақ көп ұзамай «Евровидение-2023» Украинада өтпейтіні белгілі болды. Басқа елдердің бәсекеге қабілетті делегациялары Ресей-Украина қақтығысына байланысты елге барудан бас тартты.
Украина бірден 2023 жылы өтетін жарыстың финалына шығады деп хабарланды.