Ертең халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Ертең халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Сурет: Osken-onir.kz

25 қазан - мемлекеттік мереке, яғни қазақстандықтар ертең бір күн демалады. 

Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Каzinform агенттігіне сілтеме жасап.

"ХҚКО мен арнайы ХҚКО 26 қазанда жұмысын қайта бастайды", - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ хабарламасында.

Еске сала кетсек, ХҚКО азаматтарды әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбіде - 13:00-ге дейін жұмыс істейді.