Ертең Алматыда «Отырар Сазының» қатысуымен концерт өтеді

Ертең Алматыда «Отырар Сазының» қатысуымен концерт өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Концерт қала күнін мерекелеу аясында өтпек.

27 қыркүйекте Н .Тілендиев атындағы  «Отырар Сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрдің  және «iFly» этно-электрондық тобының қатысуымен концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Концерт аясында сахнада «Бір бала», «Құсни Қорлан», «Құстар әні» танымал халық хиттері, сондай-ақ «Жас ұландар әні» және «Куә бол» әндеріне арналған жаңа электронды аранжировкалар орындалады. Кеш қонағы - оркестрдің қатысушысы, сондай - ақ музыкант және қазақстандық скрипкашы Жәмила Серкебаева.

Өтетін күні мен орны: 27 қыркүйек сағат 19:00-де, Абай алаңы, Достық даңғылы, 56