Ертең «Алматы білім беру форумы» өтеді

Ертең «Алматы білім беру форумы» өтеді
Сурет: Gov.kz

Тікелей эфирде өтетін форумға Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысады.

25 тамыз күні сағат 11:30-да «Алматы» арнасының тікелей эфирінде  «Алматы білім беру форумы: білім сапасы, бала денсаулығы мен отбасының рөлі» жайында қалалық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы» арнасының мәліметінше, форум талқылауына халықаралық және қазақстандық спикерлер, білім саласына жаңалық енгізген қала мен еліміздің ұстаздары, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары да атсалысады. 

Жиынның күн тәртібінде мына мәселелер қаралмақ:

1) білім беру саласындағы саясат;
2) мамандық таңдау;
3) оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) киберқауіпсіздік пен білім саласындағы басқа да сұрақтар талқылайды.