Ерекше бетперде

Ерекше бетперде
iStock.com

Америкалық өнертапқыштар ерекше бетперде ойлап тапты. Оның көмегімен бетпердені таққан адамның коронавирус жұқтырғанын анықтауға болады.

Кішкене датчигі бар бетпердені таққаннан кейін 1,5 сағаттан кейін нәтиже көрсетіледі. Оны зертханалық халаттарға және басқа да киімдерге тігуге болады. Мұндай типтегі датчиктер бірнеше жыл бұрын дами бастаған. Олар бұған дейін Эбола және Зика вирустық инфекцияларын анықтау үшін қолданылған.