Енді дәрігердің қабылдауында болғаныңызды QR-код арқылы растауға болады

Енді дәрігердің қабылдауында болғаныңызды QR-код арқылы растауға болады
Сурет: Freepic.com

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлімдеді.

Мұндай пилоттық жоба қазір Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір емханаларында іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Вице министрдің айтуынша, емделуші eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді. Қосымша науқастың емді бастаған уақытын, медициналық ұйымның атауын, дәрігердің аты-жөнін және емді аяқтаған уақытты көрсетеді.