Еліміздің эпидемиологиялық ахуалы нашар

Еліміздің  эпидемиологиялық ахуалы нашар
Сурет: Vyksavkurse.ru

Себебі Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақтан шығып кетті.


COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметінің 20 шілдедегі мәліметі бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Матрица бойынша, еліміздің 12 облысы мен 3 ірі қаласы «қызыл» аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. 

«Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.