Елімізде қазақ хандарына арналған монумент бой көтермек

Елімізде қазақ хандарына арналған монумент бой көтермек
Сурет: Tengrinews.kz

Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап монумент салынбақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, монумент облыс көлемінде ғана емес, республикадағы бірегей сәулет құрылысына айналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚазАқпарат агенттінің ақпараты бойынша, бұл туралы облыс әкімі Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазған.

«Бүгін Өскемендегі ескерткіштер құрылысының барысын бақыладым. Оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды монумент бар. Бұл – біртұтас мемориалдық кешен, Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей және қазақтың ұлы үш биі бейнеленген бірыңғай композиция. Сондай-ақ мұнда ел тарихының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің дәйексөздері бар барельефтер болады», - дейді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, монумент облыстағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы бірегей сәулет құрылысына айналады.

Оның биіктігі - 12,6 метрді құрамақ.

«16 желтоқсанға дейін ескерткіш салынып бітеді. Кешеннің жалғасы еліміздің бірінші Қорғаныс министрі, ардагер, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы аллея болмақ. Мен қазақтың осындай нар тұлғалы азаматымен жеке таныс болдым және оны қарапайым, өз ісінің нағыз шебері ретінде білемін», - деді Даниал Ахметов.