Еліміздің Қырғызстандағы мәдени күндері басталды

Еліміздің Қырғызстандағы мәдени күндері басталды
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы мәдени күндері ресми түрде басталды

Осы жазда Қырғыз Президенті Садыр Жапаров ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға ресми сапармен келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сол кезде екі елдің мәдениет министрлері көптеген уағдаластықпен қатар, екі елдің мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойған. 

Бішкекке арнайы барған делегация құрамында Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Алтынбек Қоразбаев сынды өнердегі ағалар мен Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева, т.б. өнер қайраткерлерінен құралған топ қырғыз сахнасында өнер көрсетеді.

Алда кино апталығы, сурет көрмесі, гала-концерт, шығармашылық кештер, жекелеген кездесулер өткізу жоспарланған.