Елімізде жұмыртқа бағасы арзандады

Елімізде жұмыртқа бағасы арзандады
Cурет: Aikyn.kz

Жұмыртқаның бағасы төмендегенін Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

10 желтоқсаннан бастап республиканың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы төмендейді.

«Жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) түседі. Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін арзандайды», – дейді Қауымдастық президенті Максим Божко.

Соған қарамастан кейбір сауда-саттық орындарда бұрыңғы баға сақталып тұруы да мүмкін. Қауымдастық басшысының айтуынша, оның бәрі мерекеге байланысты жасалып жатқан дүние.