Еліміз қандай елдерге газ сатады?

Еліміз қандай елдерге газ сатады?
Сурет: Discover24.ru

Газ экспорттау көлемі артып келеді

Қазақстан бірқатар елдерге газ экспорттайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Соңғы 4 жылда Қазақстан Қытайға газ экспортын 5 есеге арттырды. Мұның барлығы магистральді газ құбырын қосудың арқасында болды.

Егер өткен жылы біздің еліміз 7 млрд 300 млн текше метрге дейін «көгілдір» отын жеткізсе, болашақта бұл көрсеткіш 10 миллиардқа дейін артуы мүмкін.

Қазақстан аспанасты елінен өзге 2020 жылы 3 мрд текше метр газ экспорттаған.

Оның ең аз бөлігі Қырғызстанға жеткізілген. Жалпы, табиғи газ қоры бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші орында екенін атап өткен жөн.

Отынның 75% астамы Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз жобаларымен қамтамасыз етілген. Бұл кен орындарындағы қорлар барлық барланған кен орындарының 68% құрайды.