Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар екі жүлдеге ие болды

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар екі жүлдеге ие болды
Сурет: Lenta.ru

Испанияда әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты аяқталды 

Алтын үшін шешуші матчта әлемнің екі үздік командасы - Ресей мен Үндістан бас қосты. Естеріңізге сала кетейік, Үндістан спортшылары ширек финалда қазақстандық төрттікті, ал жартылай финалда Грузияны ұтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алайда финалда үнді қыздары әлемнің қазіргі чемпионы - Ресей шахматшыларын жеңе алмады.

Орыс әйелдері шахмат ойынында теңдесі жоқ екенін тағы да дәлелдеп, 2,5: 1,5 және 3: 1 есебімен жеңді.

Чемпионатта қазақстандық шахматшылар екі жүлдеге ие болды, Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова қола медаль, Жансая Әбдімәлік төртінші орынды иеленді.