Елордада екпе алып, ұтысқа қатысқан адамға екі бөлмелі пәтер бұйырды

Елордада екпе алып, ұтысқа қатысқан адамға екі бөлмелі пәтер бұйырды
Сурет: Egemen.kz

Ұтысқа қатысып, баспаналы болды

Нұр-Сұлтанда екпе алған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cайтына сілтеме жасап.

Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында елорданың кез келген егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған, кәмелетке толған азаматтар қатысты.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылды, ол жүлде иелерін вакцинацияланған ID генерациясымен таңдады.

Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан «Рио-де-Жанейро» ТК-дегі жаңа пәтерді Әсемгүл Ысқақова жеңіп алды. Пәтердің демеушісі - «G-park» құрылыс компаниясы.

Сонымен қатар, вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, қысқа толқынды пештер, шаңсорғыштар, үтік, фен және т.б. 

Вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасатын болады.