8 қазанға арналған ауа райы болжамы

8 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды

"Қазгидромет" республикалық кәсіпорны таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде 8 қазанда солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Тек еліміздің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстікте - шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері аумағында - желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан облысының солтүстігінде, батыс және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.