Еліміздің солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін

Еліміздің солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін
Сурет: Самат Құсайынов

Қазгидромет 20 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батыс жартысының ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.

"Сондықтан жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр жауады. Елдің шығыс жартысында әлі де ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыста, күндіз солтүстікте жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі", - делінген ведомство дерегінде