Еліміздегі ең үлкен ту Латвияда жайылды

Еліміздегі ең үлкен ту Латвияда жайылды
Сурет: Egemen.kz

Қазір хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Латвияның Рига қаласында шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан елшілігі отандастарымызбен бірлесіп, Ұлттық құрама хоккейшілерін қолдау мақсатында Латвияның Юрмала қаласында еліміздегі ең үлкен туды жайып, флешмоб өткізді

Мұндай іс-шара ұлттық құраманы қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұл флешмоб 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу өтінімін қолдау үшін де жасалған.

Ригаға арнайы жеткізілген тудың жалпы көлемі 800 шаршы метр.

Қазақстанның Латвиядағы елшілігі Рига және Юрмала Думасының басшылығына, 86-шы Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетіне және Латвия хоккей федерациясына алғыс білдірді.

Бүгін Қазақстан құрамасы Канада құрамасына қарсы ойын өткізетінін естеріңізге саламыз.